Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Сурет: Zakon.kz
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 10 адам эвакуацияланды, тағы бір адам автосаты арқылы төмен түсіріліп, дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскемен қаласы Серікбаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт болды.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ бөлімшелері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды эвакуациялады. Автосатының көмегімен пәтерден бір адам шығарылды. Өрт шағын аумақта сөндірілді. 1975 жылы туған ер адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарап, оны медициналық мекемеге жеткізу үшін алып кетті", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript