Лайк орнына қамау: Алматыда TikTok-тағы тікелей эфирден кейін екі қыз жазаланды
Фото: pexels
TikTok-та бірге тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан екі қыз қамауға алынды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына бес тәуліктен әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полициясы бейнежазбаның автобазар аумағында түсірілгенін анықтады. Видеодағы қыздар 19 және 21 жаста. Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.
"Бұл жағдайда заңға қайшы әрекет тіркеліп, қатысушылардың жеке басы анықталды. Содан кейін материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза қолдану туралы шешімді сот қабылдады", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Алматы полициясы әлеуметтік желілерде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін де жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Ал Екібастұзда құқық қорғау органдары әлеуметтік желіге контент түсіру үшін жолда қауіпті трюктер жасаған екі жас жүргізушіні ұстады.
Бұған дейін біз әлеуметтік желілердің неліктен теріс мазмұндағы материалдарды қайта-қайта көрсететінін және оның шынайы өмірді қабылдауымызға қалай әсер ететінін талдаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript