Теміртауда құтқарушылар өртеніп жатқан ғимарттан газ баллонын алып шықты

Өрт, Теміртау, құтқарушылар, газ баллоны , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 10:46 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Теміртауда құтқарушылар жанып жатқан шаруашылық ғимараттан газ баллонын шығарып, көрші үйлерге өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында Электриктер көшесінде жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстың ағаш конструкциялары өртенді. ТЖМ бөлімшелері келген кезде шаруашылық құрылыс ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан құрылыстың ішінен көлемі 50 литр тұрмыстық газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Сонымен қатар жақын маңдағы екі жеке тұрғын үйді өрттен қорғап қалды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: