Қонаевта бес қабатты тұрғын үй шатыры өртеніп, 120 адам эвакуацияланды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жіберілді.
"Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды.Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан 120 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Семейде ағаш кесу цехы алапат өртке оранғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript