Таразда тапа-тал түсте болған қатыгез кісі өлтіру оқиғасы тұрғындарды дүр сілкіндірді
Фото: pixabay
Тараздың орталығында 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оның кеудесіне пышақ сұққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған. Көптеген куәгердің айтуынша, белгісіз адамдар тобы жігітке бас салған. Оқиға санаулы секунд ішінде болған. Осыдан кейін шабуыл жасағандар қашып кетіп, жігіт жерде жатқан күйі қалған.
Оқиға куәгерлері оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда пышақ жарақаты тым ауыр болған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растаған.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Тағы бір қайғылы оқиға Өскеменде болды. Онда кафе келушісі әдепсіз әрекеті үшін өзіне ескерту жасаған 40 жастағы ер адамға өлімге әкелген жарақат салған. Кейін қаза тапқан адамның полиция қызметкері екені белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript