Алматыда такси арыққа түсіп кетіп, жолаушы зардап шекті
Сурет: Zakon.kz.
Бейнебақылау камераларының жазбасынан көліктің кенет оңға қарай бұрылып, тротуармен жүріп өтіп, жолдан шығып кеткені байқалады.
Артынша автомобиль терең арыққа құлап, оның бойымен қозғалысын жалғастырған.
Көлік арықтың үстінен өтетін көпіршеге соғылып барып тоқтаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы зардап шекті. Оның такси қызметінің клиенті болуы мүмкін екені айтылды. Көлікті студент басқарған. Ол түнде такси жүргізіп, қосымша табыс тапқан көрінеді.
Апаттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.
Оқиға орнында болған куәгерлер жолға ит жүгіріп шыққан болуы мүмкін деп болжаған. Себебі көліктің астынан өлі жануар табылған. Алайда жолдағы бейнебақылау камерасы итті түсіріп алмаған.
Сондықтан ит көпірдің астында жатқан немесе сол жерде мекендеген болуы мүмкін деген болжам бар. Сондай-ақ көлікпен бірге көпірдің құлағанынан ит астында қалған болуы мүмкін.
Такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші ауыр жарақат алмаған.
Бұған дейін Атырауда күтпеген жерден зардап шеккен адамды құтқару оқиғасы туралы жазған едік.





