Қырғызстанда Navai-дың есірткімен шекарадан қалай өткені тексеріліп жатыр

Қырғызстанда Navai-дың есірткімен шекарадан қалай өткені тексеріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 14:23 Сурет: Instagram/navaib
Қырғызстанда ресейлік рэпер Navai-дың есірткімен шекарадан қалай өткені анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg мәліметінше, Қырғызстанның Шекара қызметі қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Егер заң бұзушылықтар анықталса, "Ақ-Жол – автожол" өткізу пунктінің қызметкерлері жауапкершілікке тартылады.

12 қазанда рэпер Бішкекке концерт қоюға келген. Бұдан кейін оның Астанада концерті өтуі жоспарланған еді.

2026 жылғы 14 қазанда ресейлік музыкант әрі рэпер Navai-дың (Наваи Бакиров) Қазақстанға кірер кезде ұсталғаны белгілі болды. Оның көлігінен есірткі болуы мүмкін зат табылып, тәркіленген. Осы факті бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Музыканттың анасы ұлын әдейі арандатқан деп санайтынын мәлімдеді. Ол ұлының есірткі сатумен айналыспайтынына сенімді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: