170 мың теңге пара алып, 32 есе көп айыппұл төлейтін болды: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 15:25 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде жалпы сомасы 170 мың теңге пара алған көлік инспекторына 5,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда хабарлағандай, Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктердің кедергісіз өтуі үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған.

Алған парасының жалпы сомасы 170 мың теңгені құраған.

Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған 5,5 млн теңге айыппұл салды. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

"Прокурордың өтінішхаты бойынша Көліктік бақылау инспекциясына қатысты жекеше қаулы шығарылды", – деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

2026 жылғы 10 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Көлік министрлігінің екі шенеунігін 40 млн теңге параға қатысты іс бойынша ұстағаны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: