Қызылорда облысында мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 16:25 Фото: pexels
Қызылорда облысында көлік құралын басқару құқығы жоқ 30 жастағы азаматтың алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Рейдтік шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Mitsubishi автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Бұдан бөлек ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарға көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, мас күйде рөлге отырмауды ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: