Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 11:46 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында тасжолда жеңіл автокөлік аударылып, үш әйел зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 18 қазанда сағат 11:40 шамасында Тайынша – Ясная Поляна автожолында, Вишневка ауылының маңында болған. Audi 80 автокөлігін 34 жастағы ер адам басқарған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, көлік қозғалысы кезінде артқы дөңгелек тұсында техникалық ақау пайда болып, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

"Көліктегі 38, 21 және 34 жастағы үш жолаушы Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне.

Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты көлік құралдарын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтіру деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Бұған дейін Астананы айналып өтетін тасжолда ірі жол апаты болған еді. Жеңіл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін ассенизатор жүк көлігі көпірден құлап кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: