Алматыда бойжеткеннің үстіне аялдама шынысы құлады
Сурет: pixabay
Алматылық бойжеткеннің үстіне автобус күтіп тұрған кезде аялдаманың шынысы саудырап құлап түскен. Бұл туралы ол 2026 жылғы 4 қарашада Threads желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бойжеткен аталған оқыс жағдайдың Мақатаев (Назарбаев) көшесінде болғанын нақтылайды.
"Сағат 13:50-13:55 шамасында мен аялдама орындығында автобус күтіп отырғанмын, осы кезде үстіме артымдағы шыны саудырап құлап түсті! Үстімде қалың күртешемнің болғаны жақсы болды. Мұндай бассыздыққа кім жауап береді? Шыныларды мықтап бекітуге болмайды ма? Бұл – адам көп жиналатын орын ғой! Егер сол жерде кішкентай бала болса қайтетін еді?", деп ашуланады автор.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты үн қатып, RTS инвестор-компаниясымен байланысқандарын жеткізді.
Компанияның мәліметінше, аялдама павильонының зақымданған шынысы ертеңге, яғни 5 қарашаға дейін ауыстырылады.
"Мамандар сол жерде бұл жағдайдың ықтимал себептерін де тексереді. Жұмыстың орындалу барысы бақылауымызда", делінген олардың жауабында.
Смотреть в Threads
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript