Ақтөбеде 100 келі марихуананы 13 млн теңгеге сатпақ болған
Фото: pixabay
"Диапазон" газетінің 2026 жылғы 8 қарашадағы мәліметінше, Шу қаласының 43 жастағы тұрғыны 100 келі марихуананы 13 миллион теңгеге сатпақ болған кезде ұсталған. Оның ісін Ақтөбе қаласының мамандандырылған соты қарады.
Айыпталушының айтуынша, ол Ақтөбе – Атырау тасжолының бойынан көлікпен келе жатып, дәрет сындыру үшін тоқтаған кезде есірткі салынған қаптарды байқап қалған. Келесі күні сол жерге қайта оралып, қаптарды Ақтөбедегі автокөлік жөндеу орталығына жеткізген.
"Қаптарды көргенде біреуін ашып, өзіне тән иісті сездім. Мұның марихуана екенін бірден түсіндім, өйткені ол мен туған жерде барлық жерде өседі. Қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, Ақтөбеге кетіп қалдым. Бірақ келесі күні ақша тауып, қарыздарымды жабу үшін қайта оралуды ұйғардым. Бұл қылмысты жалғыз өзім жасадым", – деп түсіндірді айыпталушы сотта.
Кейін сатушыға Руслан есімді азамат хабарласып, марихуананың әр келісін 130 мың теңгеден сатып алуға келіскен. Осылайша, бүкіл партияның құны 13 миллион теңге болған.
Айыпталушы тауарды сатып алушыға көрсеткеннен кейін ұсталды. Кейін сатып алушының рөлін ҰҚК жедел уәкілі атқарғаны белгілі болды.
Сот есірткіні сақтап, сатуға әрекет жасағаны үшін айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айырды.