Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған

Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 12:06 Сурет: Facebook/arfsBlog
Жақында үш ер адам Алжир аумағынан қойдың кейпіне еніп шығып кетпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың шекараны заңсыз кесіп өтіп, Испанияға жетпек болған әрекетінен полиция шикілікті байқап, дер кезінде құрықтаған. Бұл туралы Alkalima Online басылымы мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, қашуға әрекеттенгендер үй жануарлары тиелген көлікпен бірге шекарадан өтуді жоспарлаған. Олар қойдың терісін жамылып, өздерін малдың арасында байқалмайтындай етіп көрсетуге тырысқан.

Алайда көлік тексеру кезінде тәртіп сақшылары жануарлардың арасынан күмәнді қимылдарды байқап, жүк бөлігін мұқият қарап шыққан. Нәтижесінде 25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды.

Бұл оқиға шетелдік БАҚ назарын аударып, өзінің "ерекшелігімен" қатар, аса қауіпті әрекет ретінде бағаланды.

Бұған дейін Мексикада әлемдегі ең қауіпті есірткі баронының қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алуда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: