Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

Президент қабылдауы, Ақорда, Тоқаев, Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері, Милтон Дик, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 19:09 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты миссияны абыроймен атқаруына тілеулестік білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Парламентаралық одақпен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол Парламентаралық одақтың халықаралық серіктестікті ілгерілететін маңызды институт екенін атап өтіп, ұйыммен байланысты тереңдетуге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытында қолға алынған реформаларға тоқталды.

Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде сапармен келіп отырған алғашқы ел Қазақстан екенін айрықша атап өтті.

Бұл ретте ол еліміздегі саяси, экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында тараптар парламенттік дипломатия, жасанды интеллектінің дамуы және Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының келешегі жөнінде пікір алмасты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумына қатысып, сөз сөйлеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: