Біз жасампаз әрі жаңашыл ұлт ретінде түбегейлі жаңғыру жолына бет бұрдық – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында жаңа Конституцияның қабылдануын елдегі реформалардың ең басты бөлігі деп атады. Президенттің айтуынша, Ата заңда Қазақстанның мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:07 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында жаңа Конституцияның қабылдануын елдегі реформалардың ең басты бөлігі деп атады. Президенттің айтуынша, Ата заңда Қазақстанның мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан құрудағы мақсаттың бірі – барша азаматқа тең мүмкіндік беру екенін айтты.

"Біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, адал еңбек пен айрықша жауапкершілік қасиеттерін жоғары бағалайтын Әділетті Қазақстанды құруға кірістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының ықпалымен қоғамда жаңа этика қалыптаса бастағанын атап өтті.

"Біз жасампаз әрі жаңашыл ұлт ретінде түбегейлі жаңғыру жолына бет бұрдық. Реформаларымыздың ең басты бөлігі, бұл – Конституцияның қабылдануы. Азаматтарымыз жалпыұлттық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев жаңа Конституцияның заңды күшіне енгенін еске салды. Оның сөзінше, Ата заңда Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, жер тұтастығы, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің қастерлі құндылығы деп танылды.


"Қоғамда Заң мен Тәртіпті орнықтыру, жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, халықтың әл-ауқатын арттыру бұлжымас қағидат ретінде бекітілді. Адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық міндет деп белгіленді", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: