Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 13:23 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды.

"Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік. Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде. Түбегейлі өзгерістер, әсіресе, қоғамдық санаға зор сілкініс әкелді. Ішкі саясаттың мазмұны жаңарды, бағыт-бағдары айқындала түсті". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент ел ішінде жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттері орныға бастағанын да жеткізді.

"Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда. Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз". Мемлекет басшысы

Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: