Тоқаев "аға лейтенант" шенін алған түлектерді құттықтады

Тоқаев "аға лейтенант" шенін алған түлектерді құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 13:35 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде әскери оқу орындарының түлектеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтергенін еске алды.

"Оларға қалыптасқан дәстүрге сай "лейтенант" емес, "аға лейтенант" шенін тапсыру қажет екенін айттым. Соған сәйкес нақты тапсырма бердім. Міне, бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден "аға лейтенант" шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол сөз арасында қазақтың біртуар батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің "атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын" деген сөзін атап өтті.

"Шын мәнінде, нағыз сарбаздың абырой-беделі оның шенімен емес, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді. Көптеген жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Бәріңіз де антқа адал болып, қазақ сардары деген атаққа әрдайым лайық боласыздар деп сенемін". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, президент бүгінгі алқалы жиынға озат түлектердің ата-аналары да қатысып отырғанын айтып, оларға шынайы ризашылығын білдірді.

"Жас офицерлердің алғашқы әскери шені құтты болсын! Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Туымыз әрдайым көкте желбіресін! Қазақ елі мәңгі болсын!" Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Тоқаев мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: