Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 12:26 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 12:26

Сурет: akorda.kz

Артынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөз сөйледі.

"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер бекітілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: