Жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның біртұтас халық ретінде жарқын болашаққа нық қадам басатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:42 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның біртұтас халық ретінде жарқын болашаққа нық қадам басатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, елімізді білім-ғылымның, саналы жастар мен ойлы ортаның күшімен түбегейлі жаңғырту – басты міндеттердің бірі.

"Қасиетті Отанымыз – Қазақстанды білім-ғылымның, ойлы ортаның және саналы жастардың күшімен түбегейлі жаңғыртамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Келер ұрпаққа өркениетті, қуатты әрі әділетті мемлекет қалдыру ұлттық парыз екенін атап өтті.

Президент бұл жолда ғалымдардың рөлі ерекше екенін жеткізді. Оның сөзінше, ғылымның дамуы елдің дамуына тікелей әсер етеді.

"Ғалымның әрбір жаңалығы тұтас ұлттың мерейін асырады", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент мемлекет тарапынан ғалымдарға әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, олардың ел мүддесіне қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: