Қарағанды облысында балық аулауға кеткен үш адамның мәйіті табылды

Рыболовство, рыбак, рыбаки, рыбалка, ловля рыбы, рыба, рыбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 12:26 Фото: unsplash
Қарағанды облысында Шахтинск қаласының үш тұрғыны Есен өзеніне балық аулауға барып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, 64 және 68 жастағы зейнеткерлер таңертең ерте су айдынына балық аулауға кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін олар байланысқа шықпай қалған. Туыстары алаңдап, сол күні-ақ олардың жоғалғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастап, сүңгуірлерді де жұмылдырған.

"Қарағанды облысы ТЖД-ның құтқару жұмыстарына төрт қызметкер, алты құтқарушы, бір кинологиялық есептоп және төрт техника жұмылдырылды", – деді облыстық ТЖД басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.

Көп ұзамай жағадан он қадамдай қашықтықта, екі жарым метр тереңдіктен екі ер адам мен бір әйелдің мәйіті табылды.

Алдын ала болжам бойынша, жұқа мұз балықшылардың салмағын көтере алмай, опырылып кеткен. Құтқарушылар мұз қату кезеңінде су айдындарына шығу аса қауіпті екенін ескертеді. Тіпті жағадан бірнеше метр қашықтықтағы мұздың өзі адам салмағын көтермеуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: