"Адамдар қатты айқайлады" – Алматыда өрттен бес адам қаза тапты
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 26 қарашаға қараған түні Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады.
"Алматыда шамамен 15 минут бұрын Rams City тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде өрт шықты. Адамдар қатты айқайлады… Бәрі аман болса екен, ешкім зардап шекпесе екен", – деп жазды Threads желісінде whoiszhanell есімді қолданушы.
Смотреть в Threads
Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын білу үшін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне хабарласты.
"Сағат 03:44-те 112 нөміріне Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. ТЖД-ның алғашқы бөлімшесі хабар түскеннен кейін төрт минутта оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келгенде үйді жалын шарпып, от қатты лаулап жанып жатқан", – деп хабарлады департамент.
Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді.
"Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың бірі – кәмелетке толмаған бала. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге департаменттің 35-ке жуық қызметкері мен тоғыз техникасы жұмылдырылды.
Бұдан бір күн бұрын, 25 қарашада, Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шыққан еді. Қалалық ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер туралы хабар түспеген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript