Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт орнынан фотосуреттер жарияланды
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, бес адам қаза тапты. Олардың бірі – бала. Оқиға орнында түсірілген фотосуреттер Zakon.kz редакциясының қолына түсті.
Өрт туралы хабар 112 нөміріне сағат 03:44-те түскен. Өрт сөндірушілер сағат 04:42-де тілсіз жауды толық сөндірді. Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды.
Алматы полициясы өртке байланысты қылмыстық іс қозғады.
Бостандық ауданының әкімдігі өрттен зардап шеккен тұрғындар мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіп жатыр.
Баспанасы өрттен зақымданған тоғыз адам қонақүйге орналастырылды. Оларға заңгерлік көмек көрсетіліп, құжаттарын қалпына келтіруге жәрдем беріліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


