Алматы қалалық полиция департаменті ғимаратына шабуылдағандар ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Жедел және арнайы іс-шаралар өткізіліп, оның барысында 6 қаңтарда Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов бейнекамералардағы деректер мен ұсталғандардың айғақтарын алға тарта отырып, шабуыл нақты жоспарланып ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұған әскери киімде жақсы әзірленген, қарулы содырлар жұмылдырылған.
Мен Төле бидің бойымен келе жатып, Брусиловский көшесінің бұрышына жақындадым. Сол кезде алдымнан бір топ адам шығып, мені тоқтатты. Одан соң көлігімнің нөмірін шешіп, жүк салғышқа салуымды бұйырды. Олар менен көппен бірге жүруімді талап етті. "Өзімді сабап, көлігімді шағып тастаймын" деп қорқытты. Алаңда жүріп, айналамда болып жатқандарды телефоныммен видеоға түсірдім. Төбелес пен атысқа қатысқаным жоқ. Содан кейін барлығы ІІД-ге қарай тартты. Сақалды және әскери формада 25-30-ға жуық адам болды. Ұлты да басқа, қазақтар емес, қазақша сөйлемеді де. Олар тек өз тілдерінде сөйлесті, шахидтер туралы айтты, содан соң Аллаһу Акбар деп айқайлап, атуды бастады. Жандарында әртүрлі автоматтар мен гранаталар болды.Заңсыз әрекеттерге қатысушы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript