Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция инспекторы Алматы қалалық ПД ғимаратын содырлардан қалай қорғағандарын айтты

Қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 20:20 Сурет: видеодан алынды
Хабар телеарнасына берген сұқбатында Алматы қаласы полиция департаментінің Айырықша тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ботагөз Исенова содырлардың департамент ғимаратына қалай шабуылдағанын баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Исенованың айтуынша, митингі басталған сәтте ол қызмет бабында болған. Кезекші пультіне келіп түскен алғашқы хабарлама "Алматы Аренаға" қатысты болған. Ол маңға адамдар көптеп жиналып, бірдеңе деп айқайлап жатқаны, аса бір талаптар алға тартпағаны айтылған. Бірден дереу сол маңға отряд жіберілді. Дегенмен полицейлердің жанында атыс қаруы болмаған. Қолдарында резеңке таяқ пен қалқандары болды. Полицейлер оқиға орнына барғаны сол еді, бірден оларға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келе бастады.

"Шабуылдаушылар полицейлердің киімдерін жұлмалап, шешіндіріп алған. Егер, бірге бір шықса жақсы ғой, лап беріп, жабылып кеткен". Ботагөз Исенов


Құқық қорғау органы өкілдері мұндай агрессия болады деп күткен жоқ. Кейінірек, жедел штаб құрып, қосымша күштер жіберген кезде, олар жеткіліксіз болып шықты. Өйткені көшелер дайындалған қарулы адамдарға тез толып кеткен. 

"Олар бізге жақындай бастағанда, бұл 5-сі болатын, полиция бөліміне барлық тұстан – Николь шіркеуі, Масанчи көшесі жағынан қаптап келгенде оған тойтарыс беретіндей департаментте көп адам болмады да". Ботагөз Исенова

Сол кезде ол террористердің іс-әрекетінің ауқымды масштабта екенін жете түсіне бастағанын айтады. Расында, бұл кезде олар президент резиденциясын, әкімдікті талқандап үлгерген. 

"Көмек келеді демедік. Өйткені көмектесетін ешкім жоқ. Іште болдық, қорқынышты болды, бірақ ол кезде көмек жайлы ойлануға уақыт болмады. Тек бір белгілісі, туған-туыстарымызға қоңырау шалып, сөйлескіміз келді, "бәрі жақсы, алаңдамаңыздар" дегіміз келді. Барлығының отбасы, ағайыны бар дегендей. Менің ер жеткен ұлдарым бар. Ауызбіршіліктегі біртұтас командамыз, осымыз жақсы болды. Дос қиын сәтте сыналады деген бар. Барлығы жұмыла кетті, сөзге келмей-ақ, қас-қабақтан-ақ кімнің қалай әрекет ету керектігін жақсы біліп, түсініп отырды". Ботагөз Исенова


Оның айтуынша, полицейлер тек қорғанумен болған, дегенмен әлеуметтік желіде олар митингке қатысушыларға шабуыл жасады деп те жазып жатты.

"Бізді шабуылдады деп жазыпты, бірақ қалай шабуылдаймыз... Жоқ, мүлде олай болған жоқ. Біреудің айтқанын айтып отырғаным жоқ, менің өзім сол арада болдым ғой. Жауынгерлік снарядтар, кейбір жанғыш заттары бар коктейльдер төбемізден ұшып жатты. Бізде бірнеше қабат бар. Белгілі бір жағдайларда біз оларды жоғарыдан бақылай алдық (шабуылдаушыларды - шамамен). Жанғыш заты бар бөтелкелерді лақтырды, олар терезені сындырып, ішке түсіп жатты. Біздің қызметкерлердің жанына ұшып келіп түсіп жатты. Соның арасында өзім де бармын. Газ сүзгісін (противогаз) киюге тура келді, өйткені айнала көк түтін, дем алу мүмкін емес". Ботагөз Исенова

Оның пікірінше, содырлардың әрекеттерін кәсіпқой біреулер басқарды, өйткені олар не істеу керектігін жақсы білген. Шабуылдаушылар арасынан серкесі ерекше көзге түсті. Тәртіп сақшысының айтуынша, ол басқаларға қарағанда жақсы киінген, қымбат аяқ-киім мен жылы сырт киімде болған. 

Бірнеше күн бойы қызметкерлер лаңкестерге қарсы тұрды. Содырлардың басты мақсаты, әрине, билікті құлату үшін департамент пен әкімдікті басып алу екені анық болды.

Аға инспектор полицейлер бастапқыда митингіге қатысушыларға қарсы қару қолданбағанын ерекше атап өтті. Ол мұндай жағдайлар үшін құқық қорғау органдарының іс-қимыл алгоритмдері бар екенін және олар күштеу әдістерін қамтымайтынын жеткізді. Тек күш қолдану керек екендігі айқындалғанға дейін.  

Қасіретті қаңтардың бір жылдығына арналған Мәжілістің жалпы отырысында 5 қаңтарда ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мемлекеттік төңкеріс әрекеті орын алғанын растап, оны кім жасағысы келгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: