Шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасы шықты

Алматы қаласы полиция департаменті, қаңтар оқиғасы, Алматыдағы шеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 17:31 Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаменті шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.

Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, “Молотов” коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған.

Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: