Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады
Алматы қаласы ПД басшысы Қанат Таймерденовтың баяндамасында атап өтілгендей, бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяғына жеткізіледі.
Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі салынады. 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарланған.
3 843 дана жол белгілері орнатылып, қалыпқа келтіріледі. Апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауы, 2 мың дана арнайы бағандар орнатылады.
Веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау қолға алынып жатыр, деп сөзін қорытындылайды Қанат Таймерденов.