A-Parking: Алматының тұрақтары 15 сәуірге дейін ғана тегін болады
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға байланысты A-Parking басқаруындағы барлық қалалық автотұрақтар 21 наурыздан 15 сәуірге дейін ақысыз, тегін болады, деп хабарлайды zakon.kz компания таратқан хабарламаға сілтеме жасап.
Тұрғындардан тұрақ ережелерін сақтау сұралады, атап айтқанда:
• Көлігіңізді белгі қойылған тиісті жерге қойыңыз және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз
• Көлік қоюға арналған орынға ғана көлігіңізді тізгіндеңіз
• Төтенше жағдайлар қызметі үшін өтуге болатын жолдарды жаппаңыз
• Көлігіңізді тыйым салынған екінші жолға қоймаңыз
Қалалық автотұрақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен бақылауды Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының негізінде, халықтың өмірі мен денсауығын сақтау үшін еліміздің барлық аумағында 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізілген болатын.