Екі әйелінен де қашып жүрген екібастұздық азамат жауапқа тартылды
Сурет: Zakon.kz
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Екібастұз қаласының мамандандырылған сотының қаулысымен кәмелетке толмаған балалардың 38 жастағы әкесі ҚР ӘҚБК 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі сот актісі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бұрын екі рет некеде болған, әр некеден кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ оларға алимент төлемеген, делінеді Pavlodarnews.kz хабарламасында.
Сот орындаушысына ер адамның бұрынғы қос әйелі арызбен жүгінді. Ер адам өзінің кәмелетке толмаған балаларына 5 млн теңгеден астам қарыз екен. Учаскелік инспектор алимент төлемей, қашып жүрген азаматтың қайда екенін анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыға алименттерді төлемеген жағдайда оны әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін қылмыстық қудалау мәселесі қаралатыны туралы ескертілді, - деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Төлеген Құдайбергенов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript