Оралда жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Деркөл мен Зашаған ауылдарын жалғайтын жол бойында LADA Priora мен "Газель" жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz
"Мой город" порталы хабарлағандай, Priora көлігінің жүргізушісі Деркөл ауылына қарай бет алып, маневр жасау кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Газельді сүзіп өтті.
Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Газельдің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, оның аяғы сынған. Сонымен қатар, соқтығысу салдарынан "Газель" көлігі отқа оранды.Орал полиция қызметі басқармасының бастығы Мерхат Маженов
Жол апаты фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы қолға алынды. Апаттың барлық мән-жайларын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалады.
Сондай-ақ оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді. Олар қаза тапқан 23 жастағы жүргізушінің денесін жеңіл көліктен шығарып, өрт сөндірді. Өрт сағат 19:28-де сөндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript