Ақтөбе облысында жеңіл көлік апатқа ұшырап, жүргізушісі қаза тапты

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 18:38 Сурет: видеодан алынды
Полиция мәліметінше, 4 мамырда Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолы бойында Nissan Almera мен Shacman жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, ал жүк көлігі аударылып қалған.

"Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда елдімекеніндегі аудандық ауруханаға жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Қызылордада жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, салдарынан бір адам мерт болып, үшеуі зардап шеккені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: