2 мың сотталған азамат жұмысқа тұрды
Сурет: Нұр-Сұлтандағы ҚАЖД баспасөз қызметі
Нұр-сұлтандағы пробация қызметі есепке алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін «Бос орын жәрмеңкесін» өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-сұлтан қаласының пробация қызметінде 2 мыңға жуық сотталған адам есепке тұрған. Пробация қызметі үкім бойынша есепке алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы жеке кәсіпкерлерді шақырып жәрмеңке ұйымдастырды.
Сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру арқылы олардың қайта қылмыс жасауының және әкімшілік құқық бұзуының алдын алуға болады. Жұмыс таба алмай жүрген азаматтар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Жазасын өтеп жүрген азаматтар өздерінің мамандығына сай тиісті мекемелерге орналасуға жолдама алып, жұмыспен қамтылды,- деді Нұр-Cұлтандағы ҚАЖД баспасөз хатшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript