Қостанай облысында 200 келіге жуық есірткі заттары өртелді

Арнайы акция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 23:15 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы ПД аумағында заңсыз айналымнан алынған есірткілерді жою акциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жою процесі арнайы комиссияның қатысуымен өтті.

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ераәділованың айтуынша, өртелген есірткі заттары қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер болып табылады. Акцияның мақсаты - халық арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу және есірткінің қайта айналымына жол бермеу.

Іс-шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан астам волонтерлары қатысты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: