Науырзымдық браконьерлердің ісі сотқа жолданды
Осыған байланысты прокуратура мен полицияның аумақтық органдары табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге, браконьерлікке және заңсыз ағаш кесуге қарсы іс-қимыл жасауға бағдарланған.
2022 жылдың 2 наурызында Науырзым қорығының аумағындағы ауданның төрт тұрғыны 6 бас жабайы қабанды атып өлтірді.
Полиция, қорық және прокуратура қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қылмыскерлер Буревестник ауылында ұсталды, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандардан 8 мылтық және 3 қарда жүргіш тәркіленді, олар қылмыс қаруы деп танылды.
Қылмыстық іс электрондық форматта тергеліп, прокурор айыптау актісін жасады, кінәлілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінің 1 және 4) тармақшалары бойынша сараланды, атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 13,8 миллион теңге мөлшерінде ірі залал келтіре отырып, адамдар тобымен заңсыз аң аулау.
Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігі санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Осыған байланысты мемлекет кірісіне келтірілген залалды толық өтеу үшін прокурордың өтінішхаты бойынша сот ұсталғандардың банктік шоттарындағы 2 автомашинаға және 2 миллион теңгеге тыйым салды. Қостанай облыстық прокуратурасы
Қылмыстық іс сотқа қарау үшін жіберілді.