Алматы облысында қоқыстан денесі табылған бес жасар қыздың анасы тергеуге алынды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Сарқан қаласында қоқыс үйіндісінен бес жасар қыз баланың мәйіті табылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның кім екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көп ұзамай баланың анасы да табылды. Ол - 19 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, баласын 2017 жылы дүниеге әкелген. Туғанынан целебралды ауруы бар. Ақыл-есі кем болған көрінеді. Қазір бұл жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, делінеді Astana.tv хабарламасында.
Анасының сөзіне жүгінсек, қыз бала осы жылы ақпанда ауырып, кенеттен көз жұмған. Сондықтан әйел мен оның ағасы денені қала шетіне жасырып жерлеуді шешеді. Аталған дерек бойынша, қажетті сараптамалар дайындалып, тергеу амалдары қолға алынды. Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript