Ақмола облысында автодромда қарулы қақтығыс орын алды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2022 19:39 Сурет: Ақмола облыстық ПД
Ақмола облысында полицейлер қарулы қақтығысқа қатысқандарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 маусымда Қарасай айналма жолы бойындағы автодромда төбелес болып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп жетті.

Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысқан 15 адамның 22 жастан 40 жасқа дейінгі Көкшетау мен Қарағандының тұрғындары екені анықталды. Оқиға орнынан Тanfoglio мен "Стражник" маркалы травматикалық тапаншалары мен патрондар, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді. Ақмола облыстық ПД

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Келіп, көрініп тұру туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: