Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

Полиция қарулы қақтығыстың алдын алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 10:13 Сурет: polisia.kz
Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, 12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған.

Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді. Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: