Қытайтанушы Сыроежкиннің ісін қайта қарауды сұраған өтініші қанағаттандырылмады
Жоғарғы cоттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьяларының 2022 жылғы 14 сәуірде шығарған қаулысы бойынша сотталған К. Л. Сыроежкиннің өтінішін кассациялық сатыдағы сот отырысында сот актілерін қайта қарау үшін берген өтініші негіздердің болмауына байланысты қанағаттандырылмады, делінген хабарламада.
Өтінішті қараудан бас тарту туралы аталған қаулыға дейін және одан кейін сотталушының өзі де, оның адвокаттары да сотқа сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш білдірмеген.
Белгілі саясаттанушыны Қазақстанның арнайы қызметтері 2019 жылдың мамыр айында ұстады. Кейін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Сыроежкиннің алдында атқарған қызметтері:
Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану институты (1986-1992);
ҚР Ғылым Академиясының Шығыстану орталығы (1992-1996);
ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (1995-2000);
"Континент" журналының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Р. б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері (2000-2005);
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері (2006-2019).