Дәурен Абаев Ұлттық құраманың бас бапкерлер кандидатурасын қайта қарауды тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бейжің Олимпиадасынан кейін қысқы спорт түрлерінен кейбір бас бапкерлердің кандидатурасын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаңғы жарысы, биатлон, фристайл акробатика, шаңғымен секіру сияқты спорт түрлері бойынша бас бапкерлердің кандидатураларын қайта қарауды тапсырамын.Дәурен Абаев
Министр Қазақстанда білікті жаттықтырушылар жетіспейтінін айтты. Ал бұл жаттықтырушыларға берілетін жалақы мәселесіне тікелей байланысты.
Бізде бапкерлердің көбі зейнетке шығуға жақын немесе зейнетке шыққан. 5-6 жылдан кейін кадр тапшылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты біз үкіметке жаттықтырушылардың жалақысын көтеру туралы ұсыныс енгізіп, оларды материалдық ынталандыру мәселесін пысықтаймыз.Дәурен Абаев
Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Қазақстан құрамасының Бейжіңдегі Олимпиададағы нәтижесі туралы айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript