Атырауда әткеншектен құлаған балаларға қатысты тың мәлімет жарияланды
Сурет: pixabay
Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет балалардың ешқайсысы зардап шекпегенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 шілдеде сағат 22:30 шамасында аттракциондағы әтекеншек балалар отырған соң сәл қозғалғанда өздігінен тоқтап, үзілді. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі бірден шақырылды. Ауыр зардап шеккендер жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша тергеу амалдары қолға алынды, - дейді Мейірім Ердәулет.
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова төрт баланың балалар ауруханасына жатқызылғанын айтты.
Ауыр жарақаттардың болмауына байланысты толық тексеруден өткізілгеннен кейін олар үйіне жіберілді. Дегенмен, балалар учаскелік дәрігерлердің бақылауында болуға кеңес берілді.
Ата-аналардан қолхат алынды, олардың тарапынан ешқандай шағым жоқ. Балалар үш күн бойы біздің бақылауымызда болады. Себептері мен салдары тексеру аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады. Ойын алаңы, әзірге жабық, - деді "Керемет жағалауы" балалар ойын алаңының басқарушысы Манас Серікқалиев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript