Ауыл тұрғыны жолда кезіккен қараусыз асыл тұқымды қойды көлігіне тоғыта салған

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 14:49 Сурет: pixabay
Шығын сомасы 250 мың теңгені құрады. Ұрлықшы ізін суытпай табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

716.kz мәліметінше, 19 шілде күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан шағым келіп түсті, ол белгісіз адам үйінің жанында жайылып жүрген гиссар тұқымды қойын ұрлап кеткенін айтты.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделей отырып, полицейлер қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ол Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінің 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қараусыз қошқарды көріп, оны көлігінің салонына салып ала кетті.

Қаскүнемнің тұрғылықты мекен-жайында болған полицейлер қорадан жоғалған малды тапты.

Аталған факт ҚР Қылмыстыө кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігі, яғни "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Келіп, көрініп тұру міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: