Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш қаласында арнайы операция жүргізілді

Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 23:50 Сурет: polisia.kz
Тұрғындарға телефон арқылы хабарласып, “жақының есірткі затымен ұсталды, оны жазадан босату үшін айтқан есепшотқа дереу ақша аудар” деп үрейлендіріп, алаяқтық жолмен табысқа кеңеліп келген қылмыскерлер іздестірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен талайды сан соқтырған интернет алаяқтарды құрықтау бойынша жүргізілген арнайы іс-шара сәтті аяқталды. Облыс аумағында осы сипатта 32 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге жуықтады.

Әккі алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында Полиция департаментінің білікті қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесі жинақталған айғақтармен алаяқтық тәсілдердің дәлме-дәл ұқсастығын және бұл қылмыстардың барлығы белгілі бір қылмыстық топпен жасалғандығын көрсетті. Жедел-тергеу тобы алаяқтардың іс-әрекеттерін дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті деңгейде жиналғандығын назарға ала отырып, 15 шілде күні бір мезетте еліміздің үш облысында, яғни Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өткізді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Іс-шара барысында әр облыста бір-бірімен сыбайласу арқылы алаяқтықпен айналысып келген 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Алаяқтардың мекен-жайын тінту барысында қылмыс құралы ретінде қолданылған 17 ұялы телефон, бейтаныс тұлғалардың атына жасырын тіркелген 15 абоненттік нөмірлер, 60 азаматтың ЖСН, аты-жөні жазылған тізім, ақша айналымдарын тіркеген блокнот анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Осылайша жұртшылықтың маңдай терімен тиындап жинаған қаражатын арбап алып, бас пайдасына жаратуға дәніккен әккі интернет алаяқтықтардың жолы кесілді. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың өзге де өңірлерде орын алған алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: