Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция көкпар кезінде тәртіп бұзғандарды жауапқа тартты

ұлттық ойын, атжарыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 18:54 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Талғар қаласының көшелерінде бір топ шабандоз Көкпар тартысқан видеосы тараған еді. Сот тәртіп бұзушыларды қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайда қатысушылар қолданыстағы заңнаманы бұзып қана қоймай, елді мекен аумағына кіріп, жол қозғалысына кедергі келтіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Әйтсе де мұндай ұлттық спорт ойындарының арнайы белгіленген орындарда, яғни атшабарларда, ондай атшабарлар болмаған жағдайда ауыл әкімінің келісімімен жазық далада өткізуге тиіс.

Естеріңізде болсын, әрбір отандасымыздың өмірі мен денсаулығы – таптырмас байлық. Қазір полиция қызметкерлері көкпарды ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтады. Олар ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық), 593-бабы (Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау), 614-бабы (Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) бойынша әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті.

Айта кетейік, ұсақ бұзақылық үшін сот көкпарды ұйымдастырушыға және басқа да қатысушыларына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға санкция берген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: