Тараз тұрғындары баспана кезегін «жылжытып бергіш» әйелге 14 млн теңге ұстатқан
Сурет: polisia.kz
32 жастағы әйел "ақысын төлесе азаматтарға тұрғын үй кезегін алға жылжытып беремін" деп уәде етіп, алдап-арбау жолымен өзгенің ақшасын иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындарынан ол осындай алдап-арбау жолымен 14 млн 95 мың теңге ақша алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, қамауға алынды. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript