Шымкентте қызғаныштан сүйіктісін өлтіріп алған ер адам полицияға өз еркімен берілді

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 20:34 Сурет: polisia.kz
Қайғылы оқиға 31 тамыз күні түстен кейін орын алған. 50 жастағы күдікті қызғаныштың кесірінен қылмысқа барғанын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам көңіл қосып, өзімен бірге тұрып жатқан құрбысын қызғанып, оған пышақпен тап бергені белгілі болды. Келіншек оқиға орнында қаза тапты. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу амалдарын қолға алды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: