Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте оқушы қызға тиіспек болған полицейге қатысты тергеу жүріп жатыр

Қылмыстық оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 23:47 Сурет: polisia.kz
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі өз парақшасында орын алған масқара фактімен бөлісті. Сонымен қатар ол Шымкент полиция департаментінің осы оқиғаға қатысты пікірін де келтіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушы ақпан айында болған, #НеМолчиKZ қорына келіп түскен тағы бір масқара шағыммен бөлісті. Таңсәрі аталған іс бойынша бұрын кем дегенде үш баланың ата-анасы көмекке жүгінгенін, бірақ олар орын алған жайдың көпке жария болуынан және құқық қорғаушылардың араласуынан қорыққанын айтады.

14 жастағы оқушы қызға Шымкент қаласының орталық саябағында 2022 жылы 4 ақпанда әл-Фараби аудандық учаскесінің полиция инспекторы тиіскен.

Қыздың анасының айтуынша, учаскелік полиция қызметкері тінту жүргізген кезде оқушыны сипалап, қозған, содан кейін темекі шегетін достары туралы айтып беруді сұраған. Қызды полицейдің ұялы телефонына келіп түскен қоңырау сақтап қалғаны атап өтіледі.

Аталған учаскелік полиция қызметкерін жәбірленушінің құрбылары да танып, өздерін кездесуге шақырғанын айтқан. Таңсәрі келтірген қалалық полиция департаментінің жауабында полиция қызметкері 2022 жылдың 8 ақпанында ішкі істер органдарынан жұмыстан шығып кеткені айтылады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы - "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер" және 362-бабы, яғни "Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Шымкент қалалық ПД
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: