Екібастұз маңында ұрланған көлікпен кетіп бара жатқан жігіттер ұсталды
Сурет: polisia.kz
Павлодар-Қызылорда тас жолының 129-шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары Төлеубай Құдайбергенов пен Арман Ғинаятов сипаттамаға сәйкес келетін автокөлікті байқап, тоқтатты. Бірақ жүргізуші тежегішті басудың орнына жылдамдықты арттырып, қаша жөнелген, деп хабарлайды Zakon.kz
18 қазанда Екібастұз қаласының полициясына елордада белгісіз адамдар ВАЗ 2191 автокөлігін заңсыз иемденіп, Павлодарға қарай бет алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл хабарлама “Павлодар-Қызылорда” автожолында кезекшілік еткен барлық бекеттерге дереу берілді. Уақыт өте келе 129 шақырымға патрульдік полиция ротасының инспекторлары Төлеубай Құдайбергенов пен Арман Ғинаятов сипаттамаға сәйкес келетін автокөлікті байқады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.
Тәртіп сақшыларының көлікті тоқтату талаптарын көлік жүргізушісі елемей, тек жылдамдықты арттыра берген. Полицейлер жүргізушіні тоқтату үшін жылдамдықты арттыруға тырысқан, алайда көлік қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.
Екібастұз қаласының маңындағы көпірден түсу кезінде полиция қызметкерлері Қанат Нариманов пен Аманжол Бейсенбаевтың көмегімен көлікті ұстады. Жүргізуші елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты, тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ газ тапаншасы анықталды. Сондай-ақ, автокөліктің салонында 17 және 23 жастағы елорда тұрғындары болды. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Жүргізуші көлікті терезесін сындырып, айдап әкеткендігін және Павлодар қаласына қыдыруға келгендігін түсіндірді.
Полиция көліктің арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript