Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада ақша айырбастау пунктінің маңында белгісіз біреулер ер адамды тонамақшы болған. Болған жайт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны күндізгі уақытта белгісіз адамдар өзін тонап, 5 мың доллар көлеміндегі ақшасын ұрламақ болғандығына арызданған.
Аталған факті бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер "Daewoo Lacetti" маркалы автомашинасын анықтады. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында 8 патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript