Петропавлда 47 жастағы тұрғын үйдің шатырынан секіріп кетті
Cурет: polisia.kz
Петропавл тұрғыны көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, суицид жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавл полиция басқармасына 6 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Жамбыл көшесі, 142 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанында әйелдің жансыз денесі жатыр деген хабарлама түскен.
Оқиға орнына басқарманың жедел-тергеу тобы барған. Полицейлер зардап шеккен әйелдің кім екенін анықтады.
Алдын ала болжам бойынша 47 жастағы қала тұрғыны көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне өзі қол салған.
"Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады".Polisia.kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

