СҚО-дағы қайғылы жол апатынан екі адам мерт болды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2023 14:37 Cурет: polisia.kz
2023 жылғы 7 қаңтарда Мамлютка - Қостанай автожолында Nissan Murano, Audi A6 және Toyota Avensis автокөліктері соғысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Соқтығысу салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды.

Cурет: polisia.kz

Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қатысушысы (олардың арасында 2014 жылы туған бір кәмелетке толмаған бар) түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Cурет: polisia.kz

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).


Cурет: polisia.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: