Қызылордада лаунж-бардың біріндегі жанжал атыспен аяқталды

Қызылордада жанжал атыспен аяқталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 23:22 Cурет: polisia.kz
10 қаңтарда сағат 01:30-да Қызылордадағы лаунж-бардың бірінде екі тұрғын арасында жанжал болған. Оның бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қызылордада жанжал атыспен аяқталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 23:22

Cурет: polisia.kz

Қызылорда полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітовтің сөзінше, кезекші қызметкерлер күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстаған. Дәлелдер алынған.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр".Асылбек Бексейітов

Cурет: polisia.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: